736КІТАП – САРҚЫЛМАС АСЫЛ ҚАЗЫНА

     Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жарық көрген «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» атты үш томдық еңбек білім беру мекемесінің кітапханасына сыйға берілді. Білім беру мекемесінің орталық кітапханасымен танысқан ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанұлы Алшанов кітаптың шығу тарихы және тарихи маңыздылығын жеткізе отырып, өскелең ұрпақтың саналы білім алуы үшін әр кітапханада аталмыш туынды болуы тиіс деді. «Үш томдық кітапта зұлмат жылдарға қатысты жаңа деректер мен маңызы жоғары тарихи құжаттар жинақталған. Туынды ашаршылықтың алғышарттары, трагедиялық салдары жайлы мәліметтерді қамтиды. Деректер еліміздің орталық, өңірлік архивтерінен, өзге де мемлекеттердің архивтерінде сақталған деректер де жинаққа енгізілді» - деді Рахман Алшанұлы.

737

738

739